Ағаш #017

04.01.2021
Дендросаябақ, Шымкент қаласы, Қазақстан
Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ
Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы
Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

Білімі:
•2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
•2011 жылы Қазтұтынуадағының Қарағанды экономикалық университетің «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы:
•2004-2006 жж. – еңбек жолын Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.
•2006-2008 жж. - ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.
•2008-2010 жж. - ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.
•2010-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
•2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
•2013-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.
•2017-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.
•2019 жылдың 27 желтоқсанынан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
•2020 жылдың 21 қаңтарынан – Шымкент қаласының әкімі.